A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 15:30 0

ШҚО-да синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының қолдауымен синтетикалық есірткі өндіруге жасырын мамандандырылған ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстық бизнесті облыстың 30 жастағы тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. 
- Заңсыз өндіріс Талдықорған қаласының шетіндегі жалға алынған жеке үйлердің бірінде құрылған. Химиялық реагенттерді сақтау және есірткі заттарын дайындау үшін қосымша тұрғын үй пайдаланылған. Бұл Шығыс Қазақстан облысының аумағына синтетикалық есірткіні жеткізу мен өткізуге бағытталған қылмыстық арнаның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 
Санкцияланған жедел тінту жұмыстары аясында полицейлер кәсіби зертханалық жабдықтарды, дайын және жартылай дайын есірткі заттарын тапты. Түрлі көлемдегі шыны және пластик ыдыстар, канистрлер, zip-пакеттер, вакуумдық қаптамалар, сонымен қатар өзіне тән иісі бар ұнтақ тәріздес және сұйық заттар тәркіленді.
Заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық есірткі алынды.
- Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың бір бөлігі салмағы 2 келіден асатын «мефедрон» психотроптық заты екені анықталды. Сонымен қатар шамамен 800 литр сұйықтығы бар 33 канистр табылды. Құрамында кристалды заты бар 15 табақ, өзіне тән иісі бар 30 литрлік екі бөтелке сұйықтық және ұнтақ тәріздес заты бар полимерлі пакет тәркіленіп, сот сараптамасына жіберілді, - деп жазылған мәліметте. 
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив