A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 15:40 0

Көкжота мен Бастаушы көкпаршылары дауыс беріп қайтты

Бүгін / Самар

Самар ауданына қарасты Бастаушы мен Көкжота ауылының көкпаршылары референдум күні дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Samar_news16 ақпаратынша, ұлттық спортты ұлықтап жүрген спортшылар осылайша ел тарихындағы саяси науқанда белсенділік танытты. 
Төл спортымыздың туын жықпай, облысымыздың атынан талай додада топ жарып жүрген көкпаршыларымыз арнайы ұлттық нақыштағы спорттық киімдерімен келіп, №835 және №836 дауыс беру учаскесіне ат басын тіреді. 
– Ауылымыздағы көкпаршылар барлығымыз жиналып, дауыс бердік. Ұлттық спорт біз үшін қаншалықты маңызды болса, бүгінгі референдум одан да маңызды. Жалпы дауыс беруге әркім біркісідей, атсалысып, жауапкершілікпен қарау керек. Себебі еліміздің тарихындағы әр маңызды шешімдер біздің болашағымызға тікелей әсер етеді, – дейді көкпаршылардың бірі Асқар Нұрмұхаметұлы.
Айта кетейік, қаймағы бұзылмаған қос ауылдың халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қарияларына дейін саяси науқанға белсене қатысыпжатыр.

Ақпарат: Samar_news16

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив