A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 16:00 0

Алғаш рет буллингке қарсы республикалық форум өтті

Бүгін / Республика

Бүгін Астанада буллинг тақырыбы ашық талқыланған алғашқы республикалық форум өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам мұғалім мен психолог қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Форумның мақсаты – жалпы буллингтің алдын алу жолдары бойынша тәжірибе алмасу. Жиында психологтер бұл бағыттағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады.

- Бұл форум психологтер үшін маңызды. Бүгін оларға буллингті айқындайтын негізгі үш критерий бар екені жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ KiVa сабақтарын тиімді ұйымдастыру тетіктері мен әрекет ету алгоритмі де таныстырылды, - деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов.

Қазір Қазақстандағы 110 мектепте пилоттық режимде KiVa бағдарламасы қолданылып жатыр. Жоба өзгеге күш көрсетуге бейім оқушылардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған. Бағдарламаның нәтижесі бойынша былтыр балалар арасындағы буллинг 30%-ға төмендеген. Сондай-ақ, оқушылардың 63%-ы мұғалімдердің кеңесінен кейін буллинг тоқтағанын айтқан. Жалпы жобаның алгоритмі оқушылар, педагогтер мен ата-аналарды қамтиды.

- Жобаны Финляндиядағы Турку университетінің ғалымдары әзірлеген. Қазіргі таңда бағдарлама әлемнің 16 елінде қолданылады. Жоба пилоттық режимде 79 ауылдық мектеп пен 22 Назарбаев зияткерлік мектебінде жүзеге асырылды. Ал биылдан бастап тәжірибеге енгізілді. Платформа арқылы оқушылар сыныптастары арасында буллинг жағдайын байқаған кезде не істеу керектігін, кімге жүгіну қажеттігін нақты түсіне алады, - деді Сабыржан Садуақасов.

Форум негізінде елімізде психологтердің ассоциациясы құрылды. Бұл қауымдастық мамандарға өзекті сұрақтарын талқылауға мүмкіндік береді. Психологтер өзара тәжірибе алмасады.

Мамандардың сөзінше, алдағы уақытта қауымдастықтың қызметі Орта Азия елдерін де қамтиды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив