A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанда қызғалдақ жұлғандарға 3 жылға дейін жаза қарастырылған

Бүгін / Республика

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлу қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Бұл туралы заңгер Бауыржан Айымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, аталған мәселе ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен реттеледі.

– ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлуға, оларға зиян келтіруге немесе өсетін ортасын жоюға тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деді заңгер Jibek Joly арнасының "Бүгін LIVE" бағдарламасына берген сұхбатында.
Маманның сөзінше, жаза құқық бұзушылықтың көлемі мен салдарына байланысты белгіленеді.

– Жаза түрлері әртүрлі: 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Сонымен қатар 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген. Барлығы жасалған іс-әрекеттің ауырлығына байланысты анықталады, – деп түсіндірді Бауыржан Айымбетов.
Ол сондай-ақ құқық бұзушылықтың қасақана жасалуы немесе көлемі үлкен болған жағдайда жаза қатаңдай түсетінін атап өтті. Ал нақты шешімді сот қабылдайды.

– 14 жасқа толмағандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Алайда мұндай жағдайда ата-ананың жауапкершілігі қарастырылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, ата-аналарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін, – деді заңгер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив