A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 09:40 0

ШҚО-да жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген

Бүгін / ШҚО

Үлкен Нарын аудандық сотында жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сот мәліметінше, 2016 жылы ауыл тұрғыны белгісіз адамнан 700 мың теңгеге Қазақ спорт және туризм академиясының атынан берілген жалған диплом сатып алған. Құжатта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі берілгені көрсетілген.
— 2022 жылдың қыркүйегінде ол осы дипломмен Үлкен Нарын ауданындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне армрестлингтен жаттықтырушы болып жұмысқа орналасты. Бұл қызметте 2025 жылдың желтоқсанына дейін еңбек етті, - делінген ресми ақпаратта. 
Жалған дипломды пайдалану фактісі аудан прокуратурасының тексерісі барысында анықталды. 
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 25 АЕК мөлшерінде, яғни 98 300 теңге айыппұл салды. 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив