Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қала аумағындағы гүлді зақымдағаны үшін жеке тұлғаларға шамамен 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Аулаларда, саябақтарда және көше бойындағы өсімдік мемлекет қорғауында. Ал егер ол жекеменшік аумақта орналасса, мәселе иесімен шешіледі, келген шығынды бағалап, өтемақы талап етуге құқылы.
Полиция мәліметінше, мамыргүлді жұлу көбіне 386-бапқа жатады. Бұл бойынша да айыппұл көлемі аз емес.
- Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің 386 бабының нормаларына сәйкес жасыл желектерді күтіп ұстау немесе қорғау қағидаларын бұзғаны үшін 30 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде, яғни 130 мың теңгеге жуық айыппұл көзделген. Бұл да аз сома емес. Азаматтар міндетті түрде жеке жауапкершілікті сезінуге тиіс, – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Пікірлер