A+ A A-

talgatzhan 41 16-04-2026, 12:10 0

ШҚО-да «Өскемен-Ресей Федерациясы шекарасы» тасжолын жөндеу жалғасуда

Бүгін / ШҚО

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО филиалы республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолын жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жолдың РФ шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 121 шақырымды құрайды. 2024-2025 жылдары бұл бағытта орташа жөндеу жүргізіліп, 94 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселген.
Биыл жұмыстар Зевакино ауылынан Рассыпное ауылына дейінгі 27 шақырымдық учаскеде жалғасады. Бұл жол бөлігі биыл орташа жөндеуден өтпек. Мердігер ұйым ретінде «ОблШығысЖол» ЖШС анықталып, қазір дайындық жұмыстарын бастап кетті.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталады деп жоспарлануда. Қазір қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай отыр.
Жобаға сәйкес жол негізін ресайклирлеу, асфальтбетон жабынын екі қабаттап төсеу жұмыстары жоспарланған.
Құрылыс маусымы аяқталған соң Өскеменнен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол бойымен көліктердің толықтай қатты жабынмен қозғалуына мүмкіндік беріледі. Жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив