Аршаты орманшылығының қызметкері Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзаққа тұз жалауға келген аңдар түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпарат Katonkaragay_nationalpark парақшасында жазылған. Кадрда ұйқысынан оянған аю да, марал да бар. Катонқарағай ұлттық паркі өкілдері көктемде аңдар үшін осындай жалақтардың маңызы зор дейді. Жануарлардың әлсіреген ағзасын қалпына келтіруге көмектесетін көрінеді.
Фото: Katonkaragay_nationalpark
Пікірлер