A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда 3 энергоблок, 12 қазандық пен 5 турбина жөндеуде

Бүгін / Республика

Елімізде биыл 9 энергоблокты, 55 қазанды және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды.
— 12 қазандық жөнделіп жатыр, оның ішінде біреуінің жөндеуі аяқталды. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбина жөнделуде. Қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады, — делінген хабарламада.
Министрлік атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар энергетикалық жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив