A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:05 0

Қазақстанда аналарды 55 жастан зейнетке шығару ұсынылды

Бүгін / Республика

Мәжілісте қаралып жатқан “Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы” заң жобасы аясында ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды ерте зейнетке шығару мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Депутат Нартай Аралбайұлының айтуынша, мұндай аналардың еңбегі ерекше қолдауды қажет етеді.

- Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды 55 жастан зейнетке шығару нормасын енгізуді ұсындық, – деді ол.

Оның сөзінше, бұл бастама қазір тиісті мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.
Депутат заң жобасы ерекше балаларды қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Атап айтқанда:
• әр балаға жеке қолдау жоспарын енгізу;
• қызметтердің бірыңғай реестрін құру;
• ведомстволар арасындағы үйлестіруді күшейту;
• білім беру және әлеуметтік қолдау шараларын біріктіру қарастырылған.

- Қазір ата-аналар әр мекемені жеке аралап жүреді. Бұл жүйені бір орталыққа біріктіру қажет, – деді депутат.

Сонымен қатар депутат саладағы негізгі проблемаларды да атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда ведомстволар арасында нақты үйлесім жоқ, бірыңғай цифрлық жүйе қалыптаспаған, маман тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр.

- Грант бар, бірақ жұмыс істейтін маман жетіспейді, – деді ол.

Нартай Аралбайұлы нақты мысал келтіріп, жалақының төмендігі кадр тұрақсыздығына әкеліп отырғанын айтты.

- Жалақыны көтермей, біз сапалы қызмет көрсететін жүйе қалыптастыра алмаймыз, – деді депутат.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив