A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:25 0

Өскеменде экологиялық акция өтеді

Бүгін / Өскемен

18 сәуірде облыс орталығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция бастамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Акция ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық Альянс» ЗТБ-ның «Madenietti Mura» жобасы негізінде, «Тарихи-мәдени мұра» КММ өкілдері мен волонтерлік жобалар үйлестірушілерінің қатысуымен өтеді.

Барлық өңірде тарихи-мәдени нысандарды тазалау және абаттандыру бойынша волонтерлік іс-шаралар ұйымдастырылады.

- Құрметті қала тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері! Сіздерді жалпықалалық сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырамыз. Аулаларда, дүкендер мен бизнес нысандарының маңында, іргелес аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз, - деді қала әкімдігінің ақпаратында. 

Сенбіліктер әр сенбі сайын 30 мамырға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив