A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 16:35 0

ШҚО-да қарақұмық пен қанттың бағасын негізсіз өсірген кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Өңірлік комиссияның электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) талдау нәтижесінде бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы анықталды. Зерттеу барысында жеке кәсіпкердің делдалдық буын құрғаны белгілі болды. Бұл кәсіпкер қарақұмық жармасы, қант және тұз сияқты тауарларды сатып алып, оларды өзіне тиесілі ЖШС-ға қайта сатқан. 
Осы «өзіне өзі қайта сату» тәсілі арқылы әлеуметтік маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен. Мысалы, қарақұмық жармасы бағасына 127% сауда үстемесі қосылған. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, сатылуы 550 теңге болған. Қантқа сауда үстемесі 45%-ға, ал ас тұзына 41%-ға жеткен. 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Заң бұзушылық фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Нәтижесінде өнімсіз делдалдар жеткізу тізбегінен шығарылып, бағаның әділ қалыптасуына жағдай жасалды. 
Департамент мұндай заңсыз әрекеттерді анықтап жатыр. Биылғы жылдың басынан бері өңірдегі 70-тен астам сауда нысанының электрондық шот-фактуралары талданып, оннан астам өнімсіз делдал сауда тізбегінен шығарылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив