Қала әкімдігінің ақпаратынша, 18 сәуір сағат 08:00-14:00 аралығында облыс орталығының бірнеше шағын ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына сиыр, жылқы, қой еті, сүт және нан өнімдері, бал мен шұжық қолжетімді бағада ұсыналады.
Жәрмеңкелер «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы (Жібек Жолы көшесі, 44), «Дос Нар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а), «Керуен» сауда үйі (Оралхан Бөкей көшесі, 3), «Валентина» сауда үйі (Шаяхметов, 13) және Прохладный шағын ауданының (Бажов көшесі, 331/2) аумағында өтеді.
Пікірлер