A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:35 0

ШҚО-да «Нерест» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 16 сәуір-30 мамыр аралығында өңір аумағында республикалық «Нерест» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның мақсаты - балықты заңсыз аулау, тасымалдау және өткізу деректерінің алдын алу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау және жолын кесу, су биоресурстарын сақтауды қамтамасыз ету.

Табиғатты қорғау полициясы балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, облыстағы су айдындарында тұрақты рейдтер жүргізеді. Тасжолдар мен базарларда да тексеру күшейтіледі.

ШҚО Полиция департаменті балық аулау ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Заңнаманы бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив