A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 16:40 0

Өскеменде мамандар сыбайластықтың жолын бөгеу тетігін бірге іздеді

Бүгін / Өскемен

Қаладағы Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында өткен іс-шара жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын қалыптастырудың мазмұндық тәсілдерін талқылауға арналды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері және тиімді ұсыныстар әзірлеу жолдары ашық қарастырылды.

– Шараның мақсаты – жаңа тұжырымдама қалыптастырудың мазмұндық және практикалық тәсілдерін талқылау, сондай-ақ қолданыстағы мәселелерді ашық қарастырып, тиімді ұсыныстар әзірлеу, – деді департамент басшысы Ержан Айқымбеков.

Диалог алаңында сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жанат Мұханов мұндай кездесулердің маңызын атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру тұрғысынан өте маңызды. Мемлекет басшысы бастамашы болған реформалардың негізгі бағыттарының бірі – жемқорлықтың алдын алу. Әр қызметкер осы бағытта жауапкершілік танытса, еліміз одан әрі өркендей түсері сөзсіз, – деді ол.

Өз кезегінде облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Аяужан Ашимова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше тоқталды.

– Қай саланы алсақ та, сыбайлас жемқорлық өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл бағытта ең алдымен қоғамда дұрыс мәдениет қалыптастыру маңызды. Сондықтан мен мәдениет ұғымына ерекше назар аударуды ұсынамын, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив