A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде Бірлік күні қалай атап өтіледі

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сағат 10:00 – Өзен вокзалында 2026 жылғы өзен трамвайының навигация маусымының ашылуы;
Сағат 11:00 – Республика алаңында «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» мерекелік бағдарламасы;
Сағат 11:00 - Достық үйінде «Қазақ елі – татулық мекені» атты мерекелік концерт өтеді. 
Бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтар үшін шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама, қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық-спорттық ойындар, мерекелік жәрмеңке, балаларға арналған көрме, «Достық алаңы» балалар ойын-сауық бағдарламасы ұсыналды. 
Ал сағат 21:00-де қаладағы субұрқақтар іске қосылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив