Аудандық сотта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабының 1-бөлігі (Басқаның мүлкіне қасақана зиян келтіру) бойынша іс қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сотта құқық бұзушының мас күйінде танысының үйінен шығып бара жатып, есікті теуіп жібергенін анықтады.
- Ауыл тұрғыны басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтейтінін айтты, - делінген ресми ақпартта.
Нәтижесінде ер адамға 151 375 теңге айыппұл салынды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Пікірлер