A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 16:25 0

Өскеменде Білім-инновация лицейінің жаңа ғимараты салынады

Бүгін / Өскемен

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыс әкімі оқу кабинеттерін, спорт залын, асхананы және жатын бөлмелерді аралап көрді. 140 орынға арналған лицейде бүгінде 225 оқушы білім алуда. 1961 жылы салынған ғимарат (бұрынғы балабақша) бейімделген нысан болғандықтан, заманауи талаптарға сәйкес келмейді.
– Біздің күшіміз – білімде. Ал балалар жайлы жағдайда білім алуы керек, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан, лицей жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр.
Мұнда оқу үдерісімен қатар спорт, шахмат және шығармашылық бағыттарға көңіл бөлінуде. Сонымен бірге марафондар, спартакиадалар мен мәдени іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады.
Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі жаңа жобаны іске асыруды бастауды тапсырды. Облыс орталығының 22-ші тұрғын ауданында 1200 орындық (600 ұлға және 600 қызға арналған) заманауи лицей кешенін әрқайсысы 400 орындық екі интернат-жатақханамен бірге салу жоспарлануда. Жоба бекітілді. Құрылысты жүргізу үшін аумағы 6 гектардан асатын жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта жоба тиісті органдарда келісу кезеңінен өтуде.

Фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив