A+ A A-

talgatzhan 54 27-08-2024, 09:30 0

Сейсенбіде ел аумағында жел күшейіп, дауыл тұрады

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты / Пайдалы

Қазгидромет синоптиктері 27 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазгидромет синоптиктері 27 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Осылайша найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында — түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде — шаңды дауыл соғады.

Әсіресе Қызылорда облысында қатты дауыл тұрады.

Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше өрт қаупі бар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив