A+ A A-

talgatzhan 54 Бүгін, 09:30 0

ШҚО мен Алтай өлкесі екеуара тағы 16 жобаға қол қойды

Бүгін / ШҚО / Басты

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Алтай мемлекеттік педагогикалық университетіне барды. Бұл оқу орны заманауи әдістерді қолдана отырып, білікті кадрлар даярлайды және Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу қорытындысында тараптар 16 келісімге қол қойды. Аталған келісімдер студенттер мен оқытушылардың білім алмасуын, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды және оқытудың инновациялық әдістерін енгізуді қамтиды. Сондай-ақ облыс басшысы университет жанындағы Қазақ мәдени орталығында болды.
– Мәдени орталықта қазақ тілі, тарихы мен ұлттық дәстүрлері сақталып, дамып келеді. Бұл – екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосылған қомақты үлес. Ұжымға табыс тілеймін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бұдан бөлек, Барнаул қаласындағы №136 мектепте Қазақстаннан келген қонақтарға жаңа оқыту әдістері таныстырылды. Мұнда білім беру үдерісі заманауи тәсілдермен қатар жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану арқылы ұйымдастырылған. 2000-ға жуық оқушыға арналған ауқымды сыныптан тыс шаралар мен спорт секциялары жұмыс істейді.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы цифрландыру және мұғалімдерді даярлау мәселелерін талқылады.
Нұрымбет Сақтағанов бірлескен жобалар мен өзара серіктестік шекаралас аймақтардың тұрақты әрі табысты болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив