Облыс орталығында спорт ардагері, жоғары санатты жаттықтырушы Григорий Бердустың жүлдесіне арналған 2009–2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дүбірлі додаға Астана, Алматы қалаларының, Ақмола және Павлодар облыстарынан келген 226 спортшы қатысты.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының намысын Семей, Риддер қалалары мен Зайсан, Шемонаиха, Тарбағатай, Ұлан, Катонқарағай, Глубокое, Күршім, Самар және Алтай аудандарының құрамалары қорғады.
Боз кілемде облыс спортшылары жоғары дайындық пен жеңіске деген жігер көрсетіп, келесі салмақ дәрежелерінде жүлдегер атанды:
1-орын: Миратұлы Әзім (-81 кг) және Базарқатов Ералы (+90 кг).
2-орын: Мұратбек Ерсултан (-66 кг) және Мұхаметқаиров Арлан (-81 кг).
3-орын: Жұмагелдин Әлихан (-50 кг), Те Артур (-60 кг) және Қадырханов Ибрахим (-66 кг).
Осылайша, жарыс ардақты жаттықтырушыға тағзым етіп қана қоймай, жас балуандар үшін тәжірибе алмасудың таптырмас мектебіне айналды.
Пікірлер