A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-да пәтер аралаған полицейлер 42 құқықбұзушылық анықтады

Бүгін / ШҚО

Өңір аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына бағытталған жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, аталған шара Қазақстан азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркеу талаптарының орындалуын қадағалайды.

Полиция қызметкерлері тіркелген мекенжайы бойынша тұрмайтын 42 факті анықтады. Тексеру қорытындысында он күннен бір айға дейін тіркеусіз тұрған 25 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тіркеу талаптарын ұзақ уақыт бойы бұзған 13 азаматқа қатысты шара қолданылды.

Бұдан бөлек, рейд барысында тіркеуі жоқ болса да, пәтерлерде шетелдік азаматтар тұрып жатқан төрт дерек анықталды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі тіркеу талаптарын сақтау міндетті екенін еске салады. Азаматтар айыппұл және өзге де құқықтық салдардың алдын алу үшін нақты тұрып жатқан мекенжайы бойынша уақтылы тіркеліп, белгіленген мерзімдерді сақтауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив