A+ A A-

talgatzhan 62 Бүгін, 15:45 0

ШҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Бүгін / ШҚО

Күршім ауданына қарасты Аманат ауылы ішімдіктен бас тартқан елдімекендер қатарын толықтырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір облыста осындай 23 ауыл бар. Ал Аманатқа қатысты шешім аудандық Мәдениет үйінде өткен жиында қабылданды. Жиынға ауыл тұрғындары, полиция, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ақсақалдар мен аналар кеңесі қатысты. Негізгі тақырып заңдылық пен тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және қауіпсіз өмір сүру ортасын құруға арналды. 

Тұрғындар ішімдіксіз ауыл идеясын бірауыздан қолдады. Олар бұл тыйым салу емес, бейбітшілік, қауіпсіздік және балалардың әл-ауқаты үшін саналы таңдау екенін айтты. Бүгінде ауылда 213 адам тұрады, оның 28-і мектеп оқушысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив