A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 09:30 0

16 - 22 ақпан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты 
Кенеттен жабырқай бастасаңыз, сүйікті ісіңізбен шұғылданыңыз. Отбасыңызға көңіл бөлуді де ұмытпаңыз. Қолыңыз тигенде көзге оғаш көрініп жүрген артық ескі заттардан құтылған дұрыс.
Торпақ 
Апта басында күтпеген жайттар болуы мүмкін. Өсек-аяң айтылып жатқан жерден құлағыңызды жауып өткен жөн: таяқтың бір ұшы тиіп кетпесін. Әлдебіреу сізді жамандап жатса немқұрайлы кейіп танытқаныңыз жөн.
Егіздер 
Қазір қандай шешім қабылдасаңыз да, тек өз түйсігіңізге жүгініңіз. Бәлкім, ұзақ жолға іссапарға барып қайтасыз. Апта соңында бітпейтін үй шаруасын былай қойып, жақсылап тынығып алыңыз.
Шаян 
Уайымға берілу мен асығыстық жұмысыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Бос уақытыңызды балаларға арнаған ләзім. Көпшілік бастаған ісіңізге күмәнмен қараса да өз бағытыңыздан таймаңыз.
Арыстан
Алдағы апталарда жаңа таныстықтар күтіп тұр. Іскерлік сипатта болса кездесу күнін сәрсенбіге бекітіңіз. Үй шаруасына да уақтылы көңіл бөліңіз, әйтпесе кейін аяқтаймын деп үлгермеуіңіз ғажап емес.
Бикеш 
Қыс бітпей қаржылық қиындықтарға ұшырайсыз. Дегенмен отбасы мүшелері мен достарыңыз көмекке келеді. Денсаулығыңызға немкетті қарамаңыз, қазір жер-жерде тұмау өршіп тұр.
Таразы 
Жүрек дүрсіліне мұқият мән беріп, өмірлік серігіңізді таңдауда нақты шешім қабылдаңыз. Таразыларға бұл кезең жағымды жаңалықтар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Күтпеген жерден айлығыз көтерілуі мүмкін.
Сарышаян 
Ақпан айының 22-і күні болатын оқиғалардың бірі өміріңізді сәл де болсын өзгерте түседі. Жұлдыздар қазір дүкен аралап, сауда жасауға қолайлы сәт екендігін ескертеді. Қазір отбасына көп мән беріңіз.
Мерген 
Жалқаулық жарға жығып жүрмесін. Бастаған ісіңізді сол күні-ақ тындыруға дағдыланыңыз. Алайда жұмыс-жұмыс деп достарыңызды естен шығармаңыз, таяу күндері олардың көмегі ауадай қажет болуы мүмкін.
Тауешкі
Жұлдыздар 17-19 ақпан аралығында жақын адамдарыңыздың қолдауына жүгінуге кеңес береді. Қаражат қиындығы сәл қыспаққа алуы кәдік. Десе де апта соңында жағдай тұрақтанады. 
Суқұйғыш 
Басшылық тарапын таң қалдыратын талай мүмкіндігіңіз болады. Кейде өз әлеуетіңіздің әріде жатқанын байқатып қойған абзал. Демалыс күндері табиғат аясында серуендеп қайтыңыз: ескі таныстарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.
Балықтар 
Жақын адамдарыңыздың кей сөзі көңіліңізге келуі мүмкін. Не болса да жүрегіңізге жақын алмаңыз. Бос уақытыңызды барынша тиімді өткізіңіз: көбірек кітап оқып, қызықты үйірмелерге қатысыңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив