A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 09:15 0

1 - 7 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Бүгін / Жұлдыз жорамал

Тоқты
Талай дүниеге оптимистік көзқараспен қарасаңыз көптеген жетістікке жетуге себепші. Сенгіштіктен аулақ болып, өзге біреудің ықпал етуіне жол бермеңіз. Демалыс күндерін отбасыңыздың ортасында өткізген жөн.
Торпақ
Апта басы да, соңы да жағымды жаңалыққа толы болады. Ұжымда беделіңіз артып, кикілжің туындаған бірқатар достарыңызбен тіл табысасыз. Қаржылық тұрғыда қиындықтар шықса да шешу жолын іздеуден жалықпаңыз.
Егіздер
Достарыңыздың арасында бірқатар дұрыс шешімдер қабылдайсыз, оған қоса ішкі түйсігіңіз де алдамайды. Кейбір Егіздер жаңа кәсіп ашудың қамына кірісулері мүмкін, құжат жағына келгенде сақ болғайсыз. 
Шаян
Таланты бір басына жететін Шаяндар осы аптада да көпті таңқалдырып, жаңа жоспар бекітеді. Жұмыстың жетегімен жүріп, отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Мүмкіндік болса таза ауада серуендеп қайтқан жөн.
Арыстан
Апта соңында бір жаққа саяхаттап қайтуға қолайлы кез. Бір жағынан басшылық та осыны ойлап, іссапарға жіберуі ғажап емес. Бір оқпен екі қоянды атуға да болады: жұмыс барысында тынығудың да қамын ойлап көріңіз.
Бикеш
Бикештердің қандай бастама болсын қос қолдап қолдайтындары түбі бір игілікке әкеледі. Қандай да бір жетістікке жетіп, шыңға шығуға қолұшын созған жандарға алғыс айтуды ұмытпаңыз.
Таразы
Кейде әй-шайға қарамай, бұзып-жарып әрекет етудің жақсы жақтары бар. Дегенмен бұл жолы барынша дипломатиялық бағытпен жүріңіз. Дау-дамай кезінде ымыраға келіп, татулықтың туын көтерген әлдеқайда ұтымды.
Сарышаян
Жұлдыздар жадыңызды әбден тазартып тастағандай болады. Іштей тынып, үнсіздікке басқан Сарышаяндардың оңашада өздеріне есеп бергендері жөн дейді. Бәлкім, абайсызда шалыс басып, ағаттыққа жол бергендерін аңдамай жүрген болар. 
Мерген
Апта бойы жолыңыз болып, қолға алған ісіңіздің барлығы жүзеге асады. Жұмыста бар назар сізге ауады, себебі кәсіби шеберлігіңіз көпшілікті тәнті еткен. Іссапарлардың бірінде өмірлік серігіңізді табуыңыз мүмкін.
Тауешкі
Соңғы уақытта сәтсіздіктер легі бірінен соң бірі жалғасады. Бәлкім жыл аяқталар тұста жүйкеңізді тексеруді жөн көрген болар. Есесіне апта ортасында туысқандарыңыз қуанышты хабар жеткізулері ғажап емес.
Суқұйғыш
Түйткілді мәселелердің өздері бағытыңыздан тайдыра алмайды. Әр сөзіңізді абайлап айтқаныңыз жөн, қателесуіңізді аңдып жүргендер аз емес. Демалыс күндері шаңғы тебуге қолайлы.
Балықтар
Айтқан сөздеріңізден анда-санда философия байқалады. Көп жағдайда ішкі түйсігіңізге сенген жөн. Қаржы жағынан қиналсаңыз да түбі түйсігіңіз бен еңбекқорлығыңыз екі жақтап алып шығады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив