452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Сарыөлең ауылындағы жаңа мектеп 2026 жылы қолданысқа беріледі

Сарыөлең ауылындағы жаңа мектеп 2026 жылы қолданысқа беріледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мектеп құрылысы биыл көктемде басталды. 
- Сарыөлең ауылына 550 млн теңгеге жаңа мектеп салынып жатыр. 2026 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Жалпы биыл білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, оқу процесінің сапасын арттыру және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірқатар нысанда жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Оған 253 млн теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде оқу орындарының материалдық жағдайы жақсарды, - деді аудан басшысы.
Анықталғандай, биыл Құйған ауылындағы орта мектепте 350 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ол 2026 жылы толығымен аяқталады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив