A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:30 0

9 - 15 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Қуаныш аяқ асты болады дегенге сенбейтін Тоқтылар үшін бір сүйіншінің болары анық. Бірнеше жерге жұмысқа шақырулары мүмкін. Қазіргі қызметіңіз көңіліңізден шықса, басқа жаққа барудың қажеті жоқ.
Торпақ
Ұнатқан адамыңызды жолықтырсаңыз, көпке жария етпеңіз. Сырыңызды сыртқа шығара бермеген жөн, тіпті достарыңызға ашылып сыр айтпаған дұрыс. Әр күні қарбаласпен өтетін бұрымдыларға ас-суды да таңдап-талғап ішу қажет.
Егіздер
Достарыңызға жиі қоңырау шалып, қал-жағдайын біліп тұрғаннның айыбы жоқ. Шыны керек, сіздің қоңырауыңызды күтіп жүргендер де бар. Мейілінше, жалғыз қалмауға, мереке күндерін бір өзіңіз қарсы алмауға тырысыңыз.
Шаян
Қандай идея ойыңызға келсе де толық сараптап бітпей, жүзеге асыруға асықпаңыз. Кенет сәтсіз шықса, көп адам сізді сын садағына алады. Осы апта тосын жаңалықтарға толы болайын деп тұр.
Арыстан
Ауылдағы Арыстандар қардың тезірек еріп, мал өріске шықса деген ойдың жетегінде. Бірі биылға егіннен мол үміт күтсе, бірі Жылқы жылы шөп шүйгін болады дейді. Апта соңы әрбірі үшін қуанышты жаңалықпен есте қалмақ.
Бикеш
Достарыңызбен әлдеқандай мәселені талқылап, болашаққа жаңа жоспар құрасыз. Ойыңызға түрлі нәрселер келеді. Алайда солардың қайсысынан көбірек пайда келетінін асықпай бағамдаңыз.
Таразы
Мәнсап баспалдағымен өрлеуге әлі ерте. Алда сіз үшін бірнеше сынақ тұр. Белгісіз себептермен, соңғы уақытта ашушаң бола түсесіз. Ата-анаңызға аяқ асты дауыс көтеруіңіз де мүмкін, сондықтан сабыр сақтап бағыңыз.
Сарышаян
Алдыңыздан шыққан адамның ойын оқи алатындай қабілетіңіз бар. Сүйіктіңіз әлдеқандай сыйлық күтеді, басшылық әсірекөп тапсырмалар жүктесе, дос-жаран көмек сұрайды. Оларға қолұшын бере отырып, өз жоспарыңызды да ұмытпаңыз.
Мерген
Көп ақпарат тыңдап, көкжиегіңіз біршама кеңейеді. Соған қарай жадыңызды жаулаған ойды жаңаша қорытып, әр өзгеріске философиялық көзқараспен қарайсыз. Демалыс күндері жарыңызбен мейрамханаға барып, бойжазып қайтыңыз.
Тауешкі
Мүмкіндік болса, осыған дейін жасаған қателіктеріңізді түзеп кету керек. Барлығын дер кезінде реттесеңіз, апта ортасында тынығып алудың сәті түседі. Қазір әр Тауешкінің ем-дәм сақтап, ескі сырқаты сыр берсе ақ халаттыларға жүгені жөн.
Суқұйғыш
Түрлі оқиғаларға таңданыспен қарайсыз. Саясат жағына бас қатырмаңыз, одан да әдебиетке ден қойыңыз. Апта соңына қарай басыңыз ауырып, бойыңызды шаршаңқылық билейді – уақтылы тамақ ішіп жүріңіз.
Балықтар
Кейбір Балықтар қазір өздерін жалғыз сезінулері мүмкін. Наурыз айында туған күнін атап өткелі жүргендерге күтпеген сыйлық табыс етілуі ғажап емес. Кейде көпшілік арасында емес, оңаша қалып өткенге бір ой жүгірткен де артық етпейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив