Өңірде «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, 3 күн ішінде 161 бұзушылық тіркелген. Бұл шара 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында республикалық аумағында өтті. Негізгі мақсаты сол, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жағдайы ауыр отбасыларды қолдау. Рейдке 500-ден астам құқық қорғау органы қызметкері қатысты. Олар профилактикалық бақылау тізіміндегі отбасыларды тексеріп, жастар жиналатын жерлерді бақылап, жасөспірімдермен және олардың заңды қамқоршыларымен сұхбаттар жүргізді.
Рейдтен кейін бала тәрбиесі міндеттерін орындамаған 11 кәмелетке толмаған және 17 заңды қамқоршы профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді.
Пікірлер