A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 10:40 0

Психолог, педагог әрі полицей: Тәртіп күзетіндегі Арайлым Кижикова 15 жылдан астам уақыт міндетін мінсіз атқарып келеді

Бүгін / ШҚО

Бала күнінен ел қорғаны болуды армандаған Арайлым Құрманбекқызы асқақ арманына жетіп, он бес жылдан астам уақыт құқық қорғау саласында табанды еңбек етіп келеді. Шыны керек, инспектордың әр күні – балалардың қауіпсіз болашағы үшін атқарылатын тынымсыз еңбек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қиындық пен қауіп қатарласқан жұмыс

Кейіпкеріміз еңбек жолын Ертіс полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің мектеп учаскелік полиция инспекторлары тобында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастаған.

Қызмет барысында ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі бөлімінде инспектор, сондай-ақ ШҚО ІІД Өскемен қаласы ІІБ Үлбі полиция бөлімінде штаб инспекторы лауазымдарын атқарды. Қазір Өскемен қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып келеді. Дәл осы қызмет жөнінде оның әріптестері толық анықтама беріп кетті.

– Ювеналдық полиция инспекторы – жай ғана полиция қызметкері емес, ең алдымен білікті педагог әрі сезімтал психолог. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шыдамдылықты және адам жанына терең үңіле білуді талап етеді. Инспектордың әр күні – балалардың қауіпсіз болашағы үшін атқарылатын тынымсыз еңбек. Осы жылдар ішінде Арайлым Құрманбекқызы балалармен жұмыс істеудің қыр-сырын терең меңгерген тәжірибелі маман ретінде қалыптасты, – деді олар.

Еңбегі елеусіз қалмады

Ол қиын жағдайға тап болған жасөспірімдермен және қолайсыз отбасылармен тұрақты жұмыс жүргізіп, балалардың құқықтарын қорғауға, олардың дұрыс жолды таңдауына бағыт-бағдар беріп келеді.

Кәсіби шеберлігі мен мінсіз қызметі үшін Арайлым Құрманбекқызы бірнеше рет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Полиция департаменті мен Полиция басқармасы басшылығының марапаттарына ие болған. Сонымен қатар, lll дәрежелі “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” медалімен наградталған.

– Қызмет бабында қоғамдық қауіпсіздік сақшысы бола білетін ол отбасында өнегелі келін, аяулы жар және екі баланың мейірімді анасы. Әр баланың тағдырына бейжай қарамайтын полиция майоры Арайлым Кижикова үшін басты мақсат – жас ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы ортада өсуіне үлес қосу, – деп қорытты әріптестері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив