A+ A A-

talgatzhan 23 23-09-2024, 12:35 0

Өскеменде жәрмеңке өтеді

Өскемен / ЖАҢАЛЫҚТАР

Жәрмеңке 28 қыркүйекте сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында орналасқан жаңа «Алтай» сауда орталығының аумағында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Бұл жолы жәрмеңкеде Самар ауданының шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері тұтынушыларға ет, балық, сүт өнімдері, күнбағыс майы және басқа да тауар түрлерін ұсынбақ. 

Жәрмеңкеге қойылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға болады.

Фотосурет: gov.kz 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив