A+ A A-

admin 26 16-10-2024, 14:00 0

Өскеменде Республика күніне орай кітап оқу челленджі жарияланды

Өскемен

Кітап оқу челленджі 20 қазанға дейін жалғасады. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Челленджге қатысқысы келген адам бірнеше тақырып бойынша кітап оқуы тиіс. Тақырыптар:
- Қазақ тарихына арналған көркем әдебиет
- Қазақ тарихына арналған жыр-дастандар
- Қазақ тарихы туралы аңыз-әфсаналар
- Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі көркем әдебиет
- Тәуелсіз Қазақстан туралы деректі әдебиет
- Шығыс Қазақстан аймағы туралы кітаптар
- Қатысушы оқыған кітаптарын көрсетіп, ол туралы пікірін (видеорецензия) және өзгелерге де оқуға кеңес беретінін айтып видеоға түсуі қажет. Өзі қалаған тілде. Видео ұзақтығы 2 минут болуы керек. Түсірілген видеоларды ukcbs@mail.ru электрондық поштасына 20 қазанға дейін жолдаңыздар, - деп хабарлады Өскемен қалалық О.Бөкей атындағы кітапханадан. 
Марапаттау рәсімі 25 қазан – Республика күнінде өтеді. Кітапқұмар жеңімпаздар Дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив