ШҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл медициналық көмекке мұқтаж баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға Бұқтырма су қоймасының жағалауында болды.
- ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Ринат Қостубаевқа бір әйел 4 жастағы қызының денсаулығы туралы хабарлап, көмек сұрады. Капитан дереу жақын маңдағы экипаждардың жұмысын ұйымдастырды. Көп ұзамай көмекке полиция аға лейтенанттары Данияр Нұрсалинов пен Мадияр Ержанов келді. Тәртіп сақшылары ана мен баланы патрульдік көліккеотырғызып, жолға шықты, - делінген ШҚО ПД ақпаратында.
Полицейлер арнайы дыбыс және жарық сигналдарын қосып, бүлдіршінді Ана мен бала орталығына жеткізді.
Пікірлер