A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:30 0

«AMANAT»: ШҚО-да соңғы үш жылда 56,4 мың жұмыс орны құрылды

Бүгін / Республика

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде соңғы үш жылда 21 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 56,4 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыста 10 мектеп салынып, 38 медициналық нысан пайдалануға берілді. 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, 9,5 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар 1 300 шақырымнан астам жол жөнделіп, елдімекендер толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Жастарды қолдау бағытында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, мыңдаған азамат кәсіпкерлікті дамытуға қаржылай қолдау алды.
Бұл – партия бағдарламасының өңірде нақты іске асып жатқанын көрсететін негізгі көрсеткіштер.
Аталған нәтижелер Өскеменде өткен «AMANAT» партиясы ШҚО филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясында жан-жақты қаралды.
Жиында сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы ғана емес, оны жүзеге асырудағы жүйелі мәселелер мен тәуекелдер де талқыланды.
Атап айтқанда, бірқатар инвестициялық жобаланың кешеуілдеуі, әлеуметтік нысандар құрылысы мерзімінің ауысуы және қаржылық шектеулерге байланысты кей бастамалардың кейінге қалуы сөз болды. Бұл мәселелер партия бақылауында болатыны бекітілді.
Конференция жұмысына партия хатшысы Ержан Жылқыбаев, облыстық филиалдың Саяси кеңес, Бюро мүшелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен бақылау комиссияларының төрағалары, мәслихат депутаттары,  қоғамдық ұйым өкілдері, қала және аудандардан сайланған 175 делегат қатысты.
Ержан Жылқыбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы партия жұмысының өзегіне айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл дегеніміз – әр азаматтың мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Ал партия сол мәселені нақты шешетін институт ретінде жұмыс істеуі қажет.
Жиында қарастырылған негізгі тақырыптардың бірі – облыстық филиал төрағасын сайлау. Делегаттардың бірауыздан қолдауымен бұл қызметке Жанат Мекеева сайланды.
Өз сөзінде жаңа төраға филиал жұмысының негізгі басымдықтарын нақты белгіледі: қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, бастауыш ұйымдар жұмысын күшейту, партиялық жобаларды жүйелі дамыту және депутаттық корпуспен өзара іс-қимылды жандандыру.
– «AMANAT» – нақты істер партиясы. Әрбір бастама нақты нәтижемен дәлелденуге тиіс, – деді ол.
Конференция барысында Саяси кеңестің жаңа құрамы да бекітіліп, оның 55%-ы жаңартылды. Құрамға барлық аудан-қала өкілдері кіріп, әйелдер үлесі 36%-ды құрады. Сондай-ақ бақылау-тексеру комиссиясы қайта жасақталып, партия ішіндегі ашықтық пен есептілік тетіктері күшейтілді.
Бұл – партияның ішкі трансформациясының жалғасы. Өңірдің барлық аумағын қамтыған жаңа құрам, әйелдер үлесінің артуы шешім қабылдау жүйесінің кеңейіп жатқанын көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив