A+ A A-

talgatzhan 1 Кеше, 20:30 0

Қарасудағы құрылысы аяқталмаған ғимарат жөнделсе, дәрігерлік амбулатория ретінде пайдаланылмақ

Тарбағатай / Бүгін

Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов Қарасу ауылындағы аяқталмай қалған ғимараттың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған қатысты аудан басшысы Дархан Жөргекбаев бекіткен жоспар бар екен. Соған сенсек, аталған нысанның жөндеу жұмыстары толық аяқталған жағдайда, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін амбулаториялық орталық ретінде пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, ауылдық округ орталығы саналатын Қарасу ауылында бүгінде мыңға жуық тұрғын тұрады. Ал жалпы округ бойынша халық саны екі мыңға таяу.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив