A+ A A-

talgatzhan 3 Кеше, 11:50 0

Өскеменде атауы өзгертілген көшелердің тақтайшлары әлі жаңартылған жоқ

Бүгін / Өскемен

Жаңа көше атаулары мемлекеттік, мекенжайлық және анықтамалық ақпарат дерекқорларына енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл өзгерістер облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес жүзеге асты.
– Қаладағы идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелердің атауы жаңартылды, – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында. 
Атауы өзгертілген көшелер тізімі төмендегідей:
Стахановская – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
Красина – Борис Александров көшесі;
Өтепов – Оралхан Бөкей көшесі;
Красногвардейская – Герольд Бельгер көшесі;
Карл Либкнехта – Борис Керімбаев көшесі;
Колхозная – Асқартау көшесі;
Роза Люксембург – Арна көшесі;
Совхозная – Өркен көшесі;
Чапаева – Берел көшесі;
Краснодонская – Арай көшесі;
Краснофлотская – Мұзтау көшесі;
Совхозный көшесі (Меновное) – Талас көшесі;
Горький көшесі (Меновное) – Талаптан Ахметжан көшесі.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың ономастикалық өзгерістерге қатысты алаңдаушылығы мекенжайы көрсетілген барлық меншік құжаттарын қайта рәсімдеуге қатысты. Дегенмен кәсіпкерлер мен қала тұрғындары үшін ешқандай құжатты қайта тіркеудің қажеті жоқ. Себебі атауы өзгертілген көшелерде орналасқан барлық мүліктің мекенжайы мемлекеттік дерекқорларда автоматты түрде жаңартылып отырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив