A+ A A-

talgatzhan 36 6-01-2026, 09:00 0

Кәсіпкерлерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылады

Бүгін / Республика / Пайдалы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Енді кәсіпкерлер холдингтің барлық еншілес компаниясына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады.

1408 бірыңғай нөмірі бұрын тек «Даму» қорының бағдарламалары бойынша ғана консультация берсе, енді басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша да ақпараттандырады. Атап айтқанда:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ

«Экспорт-кредит агенттігі» АҚ

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ

«Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ — заң мәселелері бойынша

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ секілді холдингтің еншілес компаниялары сұраққа жауап беруге дайын

Байланыс орталығының операторлары қазір жұмыс істеп тұрған бағдарламаларды таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда нақты мамандарға қосады. 

— «Бірыңғай байланыс орталығы» — кәсіпкерлерге ақпарат іздеуге және даму институттарымен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы және түсінікті етуге, ізденуге аз уақыт жұмсауға бағытталған. Жоба «Бәйтерек» холдингінің цифрландыру стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және клиенттерге деген сервисті дамытудағы маңызды қадам, — делінген Экономика министрлігі таратқан хабарламада. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив