2026 жылдың басынан өңірде 27 ұл бала және 27 қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейбір сәби тіпті Жаңа жыл түнінде жарық дүние есігін ашты. Қаладағы Ана мен бала орталығы перзентханасында жаңа жылдың алғашқы күндерінде 54 босану жағдайы тіркелген. Дәрігерлер әдеттегідей тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қаңтар сағат 00:00-ден 2 қаңтарға дейінгі аралықта 8 ұл және 4 қыз бала туып, барлығы 12 сәби дүниеге келген. Ал 2 қаңтардан 4 қаңтарға дейін 19 ұл және 23 қыз бала туып, жалпы 42 нәресте өмір есігін ашты.
Пікірлер