A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 10:02 0

Елде инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды

Бүгін / Республика

Қазақстанда алғаш рет Инклюзивті білім беру жөніндегі әлемдік конгресс өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл ауқымды халықаралық іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, инклюзивті мәдениетті дамытуға және инклюзивті білім беру саласындағы жаһандық диалогтың жаңа кезеңін бастауға серпін берді.

Инклюзивті білім беруді жүйелі дамыту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда және кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында педагог-ассистент штаттары енгізілді. Бұл бастама ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент және 10 275 арнайы педагог қызмет атқарып жатыр.

Сондай-ақ мектептерде мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға жеке көмекші лауазымы енгізілді. Нәтижесінде 129 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаға физикалық сүйемелдеу көрсетілді, оның ішінде бұрын үйде оқыған 45 бала жалпы білім беретін мектептерде білім алуға мүмкіндік алды.

Елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Бүгінде 516 арнайы ұйым жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аутизм орталықтарының желісі кеңейтіліп жатыр, сондай-ақ ерте жастан бастап мамандық алуға дейінгі балаларды кешенді сүйемелдеу тұжырымдамасы бекітілді.

Айта кетейік, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының үлесі 93,3%-ды құрайды. Ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар саны 87%-ға жетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив