A+ A A-

talgatzhan 44 Кеше, 17:35 0

Депутат Самар жұртымен жүздесіп, Мәжілісте қабылданған заңдарды түсіндірді

Бүгін / Самар

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров жұмыс сапарымен Самар ауданына барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сапар аясында депутат аудан активімен және тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында Мәжілісте қабылданып жатқан жаңа заңдар, «AMANAT» партиясының фракциясы атқарған жұмыстары туралы ақпарат берілді.
– Бүгінгі басты мақсат – халықпен ашық әрі тікелей диалог орнату. Заңдар кабинетте ғана емес, халықтың нақты сұранысы мен ұсынысына сүйене отырып қабылдануы тиіс. Сондықтан өңірлерге шығып, тұрғындар пікірін тыңдау – депутат үшін маңызды міндет. Самар ауданында көтерілген әрбір мәселе назарымызда болады және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе шешу жолдары қарастырылады, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және ауылдарды дамытуға қатысты сауалдарын қойды. 
Сонымен қатар азаматтар тарапынан көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен өзекті сұрақтарға депутат нақты жауап беріп, бірқатар ұсынысты бақылауына алатынын жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив