A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 18:00 0

Жарсуда спорт модулі ашылды

Бүгін / Зайсан / Спорт

Зайсан ауданына қарасты Жарсу ауылында мектеп жанындағы спорттық корпус ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Нысанның ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы лента қиды. Спорттық корпус бір қабатты, ангар үлгісіндегі спорт залы мен әкімшілік-тұрмыстық блоктан тұрады. Спорт залы ойын түрлері мен күреске арналған екі секцияға бөлінген. Бір ауысымдағы өткізу қабілеті – 28 адам.

Нысанның жалпы аумағы – 853,1 шаршы метр. Оның ішінде спорт залы – 556,9 шаршы метр, тұрмыстық бөлмелер – 296,2 шаршы метр. Спорттық корпус бір ауысымда жұмыс істеп, күніне 84 адамды қабылдай алады. Қызмет көрсететін персонал саны – 6 адам.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив