A+ A A-

talgatzhan 33 30-01-2025, 11:20 0

ШҚО-да браконьерлік жолмен ауланған балықтар аз қамтылған жанұяларға таратылды

ШҚО / Ұлан / Бүгін

Облыста кезекті рейдтік іс-шаралар 27-28 қаңтар күндері Бұқтырма су қоймасының аумағында өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Жедел алдын алу жасағының экипаждары мен полиция қызметкерлері жыл бойы балық аулауға тыйым салынған Торанғы шығанағына барды, — деп мәлімдеді Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағының баспасөз хатшысы Мақсат Шакиров.
Рейд барысында иесіз қалған 46 броконьерлік тор табылды.
- Торға түскен тірі балықты суға қайта жібердік. Ал 120 келі ауланған өлі балық Ұлан ауданы, Төлеген Тоқтаров ауылдық округіндегі аз қамтылған жанұяларға үлестіріп берілді, - деді Мақсат Шакиров.
Тәркіленген броконьелік торлар Алғабас ауылы маңындағы полигонда өртелді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив