АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп азаматтар тарапынан АЭС ке қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап, референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып өз көзқарасын білдіруге кез-келген адам құқылы, - деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нұркенов.
Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың елдің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу Қазақстанды энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.
Пікірлер