A+ A A-

9 7-09-2024, 14:03 0

ШҚО-да “Tour de Oskemen-2024”веложарысы өтуде

ШҚО / Спорт

7-8 қыркүйек күндері Өскемен қаласында “Tour de Oskemen-2024” веложарысы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен әуесқойлар мен спорт ардагерлері арасында тасжолда велосипед спорты бойынша жарыс өтуде. Шараға Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінен және таяу шет елдерден 18 жастан асқан 100-ден астам адам келіп қатысуда. Жарыстың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, өңірдегі велоспортты дамыту. Веложарыс 92-шақырымды құрайды.  Екі күнге жоспарланған бұл шара қала шетіндегі Бобровка-Өскемен тасжолында басталды.

- Велобәйгеге Астана қаласынан арнайы келдім. Тұңғыш рет мұнда осыдан 10 жыл бұрын келген болатынмын. Тұмса табиғатымен ерекшеленетін Шығысқа араға жылдар салып тура осы жарысқа қайта келіп қатысудамын. Осының алдында Маңғыстау облысында өткен велошеруге қатыстық.  Біздің топта барлығы 50 адам, түгеліміз осы жарысқа қатысудамыз, - деді велошабандоз Теміржан Абдрахманов.

Бұдан бөлек атаулы шараға көршілес Ресей мемлекетінің спортшылары да  келіп қатысуда.

- Мен бұл спорт түрімен бала кезімнен бастап айналысамын. Осы велоспорттан   спорт шебері атағым да бар. Қазіргі таңда жаттықтырушы қызметіндемін. Өскемен қаласында алғаш рет болып тұрмын, өте керемет, барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Халқы да қонақжай. Алдағы уақытта міндетті түрде қайтып ораламын, - деді ресейлік ардагер велоспортшы Владимир Матюшинский.

Айта кетейік, жарыс 8-інші қыркүйек күні аяқталады.

Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив