451.87 507.31 5.53
A+ A A-
---

Туризм және спорт вице-министрі Марқакөлдегі казино салу тақырыбына тоқталды

Туризм және спорт вице-министрі Марқакөлдегі казино салу тақырыбына тоқталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев облысқа жұмыс сапарымен келіп, спорт және туризм саласы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында Марқакөлде ойын бизнесін дамыту мәселесі де сөз болды. Жиында «Kazakh Tourism» қоғамдық кеңесінің мүшесі Марқакөлде казино ашу бастамасына қарсылық білдірді. Оның айтуынша, ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға басымдық берілуі керек.

– Менің ата-анам – Марқакөл ауданының тумасы. Арғы аталарым да осы өңірде өмір сүрген. Әлеуметтік желіден министр Ербол Мырзабосыновтың ойын бизнесіне қатысты пікірін көрдім. Осы орайда үлкен өтінішім бар: бұл жобаны Марқакөлде жүзеге асырмаңыздар. Мен оған қарсымын. Ойын бизнесінің туризм саласына қатысы жоқ деп есептеймін. Бұл өңірде ең алдымен тарихи нысандарды сақтап, оларды дамытуға басымдық беру қажет, – деді ол.

Өз кезегінде вице-министр Мирас Төлебаев бұл бастаманың болашағына қатысты күмән бар екенін айтты.

– Мойындаймын, бұл жобаның болашағы өте күмәнді. Туристік ағынға қатысты болжамдар да көңіл көншітпейді. Қазір бұл жоба қағаз жүзінде ғана ашық тұр деуге болады. Ал мамандандырылған ойын-сауық туризмі бағыты тек шетелдік азаматтарға арналған, – деді Мирас Төлебаев.

Фото: kapital.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив