Ауданының тұрғындарымен өткен есептік кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Палатцы ауылынан Подгорное ауылына дейінгі автожол учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстарының толық аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл мамыр айында үш Кеңес Одағының Батыры дүниеге келген Подгорное ауылына жұмыс сапары кезінде жергілікті тұрғындар автожолдың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты өңір басшысына өзекті мәселені көтерген болатын. Аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпаратынша, аталған жол учаскесінде құрылған күнінен бері, яғни 40 жылдан астам уақыт бойы, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Көктем мезгілінде жолды су шайып, соның салдарынан ауылдар негізгі тасжолдан уақытша оқшауланып қалатын.
Сонда ауыл тұрғындары әкімге сенім білдірген-тұғын.
– Сіз – біздің ауылға автокөлікпен келген алғашқы облыс әкімісіз. Мәселе оң шешімін табады деп сенеміз, – деген болатын.
Өңір басшысы жолдың нақты жағдайымен танысып, аудан басшылығына автожолды қысқа мерзімде тиісті қалыпқа келтіру жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінде аталған тапсырма толық көлемде орындалды. Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде әрі сапалы жүргізіліп, жол нормативтік талаптарға сәйкес жағдайға келтірілді. Нәтижесінде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындар үшін қолайлы қатынас қамтамасыз етілді.
Кездесу барысында Подгорное ауылының тұрғындары азаматтардың өтініштеріне жедел назар аударып, көп жылдан бері шешімін таппай келген мәселені қысқа мерзімде оң шешкені үшін облыс басшылығына шынайы ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, Самар ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Өткен жылы ауданда 45 шақырым автожол мен елді мекен көшелері жөнделсе, биыл 60 шақырымнан астам жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды.
Самар ауданының көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі облыс басшылығының тұрақты бақылауында және ауданның туристік әлеуетін арттыру тұрғысынан маңызды бағыттардың бірі болып саналады.
Фото: Baribar.kz
Пікірлер