A+ A A-

talgatzhan 60 Бүгін, 11:15 0

Алтай ауданында 70-тен астам жас сарбаз әскери ант қабылдады

Бүгін / Алтай

Серебрянскі қаласында орналасқан 97638 әскери бөлімінде елдің түкпір-түкпірінен жиналған 70-тен астам жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге дайын екенін білдіріп, салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маңызды рәсімге әскери бөлімнің сержанттары  мен офицерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

- Баламыздың ел алдында әскери ант қабылдағанын көру – әр ата-ана үшін үлкен мәртебе. Ұлымыздың Отан қорғаушысы атанып, тәртіп пен жауапкершілікті меңгеріп жүргеніне қуаныштымыз. Барша сарбаздарға амандық, қызметтеріне сәттілік тілейміз, – деді ата-ана Еркегүл Нук.

Салтанатты жағдайда сап түзеген жас жауынгерлер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға ант берді. 

Іс-шара барысында әскери бөлім басшылығы сарбаздарды құттықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив