Қаралы жиында мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары төбе көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылды.
Көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов – қазақ халқына өте сыйлы, ең танымал жандардың бірі. Аты аңызға айналған тұлғаны жерлеу рәсімі "Кеңсай-1" зиратында өтті.
Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді.
Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген көптеген рөлді сомдап, бірнеше буын актердің қалыптасуына тер төкті.
Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халықтың жадында мәңгі сақталмақ.
Пікірлер