Бүгін облыс орталығында 9-13 жастағы балалар үшін қала әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекелік іс-шара барысында балалар үшін арнайы концерттік бағдарлама дайындалып, қызықты ойындар өткізілді.
Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов кішкентай қонақтарды Жаңа жылмен құттықтап, әрқайсына сыйлық сертификатын табыс етті.
- Құрметті балалар мен ата-аналар! Жаңа жыл әр отбасыға бақ-берекесімен келсін. Бастысы - бүлдіршіндеріміз аман болсын, жүздерінен күлкі кетпесін. Ал сендер, балалар, арман-мақсаттарыңа жете беріңдер, бақытты болыңдар! - деді Алмат Талғатұлы.
Айта кетейік, бүгінгі жаңажылдық шырша мерекесіне барлығы 450 бала қатысты.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер