A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:50 0

Өскеменде облыс әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін қаладағы Теннис орталығында облыс әкімінің балаларға арналған дәстүрлі жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мерекелік іс-шараға 100-ге жуық бала қатысты. Олардың қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, оқу, спорт, шығармашылық және қоғамдық өмірде жоғары жетістікке жеткен дарынды балалар болды.
Олар үшін арнайы мазмұнды мерекелік бағдарлама дайындалып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен концерттік нөмірлер, интерактивті ойындар мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды.
Іс-шара барысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
- Қымбатты жас достар! Жаңа жыл — әрдайым жақсылыққа үміт арттыратын, армандар орындалатын ерекше кезең. Бүгінде сіздерге сапалы білім алу мен спортпен айналысу үшін барлық мүмкіндік жасалған. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! - деді облыс әкімі.
Мерекелік кеш соңында әр балаға 150 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен тәттілерден құралған жаңажылдық тарту табысталды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив