A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:10 0

2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі: Кім қанша алатыны белгілі болды

Бүгін / Республика / Пайдалы

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі 10%-ға артады. Бұл “2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңда көзделген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Зейнетақы қалай өседі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақылар инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023-2027 жылдар аралығында базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатыр. Нәтижесінде:

ең төменгі базалық зейнетақы – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына,

ең жоғарысы – 120%-ына дейін жеткізіледі.

2026 жылы базалық зейнетақы мөлшері:

Ең төменгісі – 35 596 теңге

Ең жоғарғысы – 60 005 теңге

 

Нақты мысал

2019 жылы зейнетке шыққан, жасы 70-тегі зейнеткердің зейнетақысы:

2025 жылы – 171 588 теңге
(базалық – 50 851 тг, ынтымақты – 120 737 тг)

2026 жылы – 192 816 теңге
(базалық – 60 005 тг, ынтымақты – 132 811 тг)

Бұл сомаға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы кірмейді.

 

Жәрдемақылар да көбейеді

2026 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар да 10%-ға өседі. Бірнеше мысал:

Бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы:

1–3 балаға – 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін

4 және одан көп балаға – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы:

4 баласы бар отбасы – 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін

10 баласы бар отбасы – 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы:

I топ – 101 702 → 111 872 теңге

II топ – 81 362 → 89 498 теңге

III топ – 55 474 → 61 021 теңге

 

Әлеуметтік төлемдер де артады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін:

асыраушысынан айырылу,

еңбекке қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға көбейеді.

Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын азаматтарға тағайындалады және олардың мөлшері:

соңғы 2 жылдағы табысқа,

әлеуметтік аударымдарға,

еңбек өтіліне,

асырауындағы адамдар санына байланысты есептеледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив